"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсанындағы № 382 қаулысына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2014 жылдың 1 мамырына дейін, коммуналдық меншік жөніндегі бөлімге мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. "Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж.Төлеген) аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды және Түпқараған ауданының интернет - ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ерсайынұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т. Асауов |
КЕЛІСІЛДІ:
Түпқараған ауданы әкімінің
орынбасары
Б.Ерсайынұлы
28 наурыз 2014 жыл
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Ж. Төлеген
28 наурыз 2014 жыл
"Түпқараған аудандық тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.А. Дощанов
28 наурыз 2014 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 70 қаулысымен бекітілген |
Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза
табысының бір бөлігін аудару нормативі
1. Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:Таза табыс 100 001 теңгеден 500 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 3 пайыз |
Таза табыс 500 001 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 1 000 001 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 7 пайыз |
Таза табыс 2 000 001 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 10 пайыз |
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін | 300 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз |