Түпқараған ауданы әкімдігінің "Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" 2014 жылғы 28 наурыздағы № 70 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 39 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 10-11-661 хаты негізінде, Түпқараған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2411 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 мамырда "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Аудан әкімі Т. Асауов

      "

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады