Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 25.03.2016 № 66-қ қаулысымен(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Ішкі сауда Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371, "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 және "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитарлық–эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда орындары, алаңдары (алаңқай) белгіленсін.
2. "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Сарбасов):
маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын;
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. "Мұнайлы ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың (алаңқай) орнын белгілеу туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 167-қ қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-56 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 шілдедегі "Мұнайлы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Оңдабаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
И. Ибрагимов
20 мамыр 2014 жыл
"Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Сарбасов
20 мамыр 2014 жыл
"Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Абыханов
20 мамыр 2014 жыл
"Мұнайлы аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
А. Бисен
20 мамыр 2014 жыл
"Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Досжанов
20 мамыр 2014 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 20 мамыр 2014 жылғы № 153-қ қаулысына қосымша |
Мұнайлы ауданының аумағында жеміс – көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда орындары, алаңдары (алаңқай)
Сауда орындарының орналасқан жері | Уақытша сауда орындарының түрі | Уақытша сауда орындарының саны | Уақытша сауда орындарының көлемі ш/м (шаршы метр) |
Маңғыстау ауылы | |||
Ақтау-Маңғыстау тас жолы бойындағы Маңғыстау-3 тұрғын массивіндегі "Ақмая" дүкенінің алдынан 10 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
Ақтау-Маңғыстау тас жолы бойындағы Маңғыстау-4 тұрғын массивінінің № 408 учаскесінің сол жағынан 15 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінің № 1244 учаскесінің сол жағынан 50 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінің № 395 учаскесінің сол жағынан 50 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
Ақтау-Маңғыстау тас жолы бойында Баянды ауылына бұрылыстың оң жағынан 15 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
"Айшат" мейрамханасының оң жағынан 50 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
Қызылтөбе ауылдық округі | |||
"МУТТ" ЖШС-нің сол жағынан 50 метр | Сауда шатырлары | 5 | 100 |
Қызылтөбе-2 тұрғын массивінінің № 34 учаскесіне қарама-қарсы 10 метр | Сауда шатырлары | 4 | 80 |
№ 2 орта мектепке қарама-қарсы тас жолдан кейін 5 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
Бірлік тұрғын массиіндегі ауылдық дәрігерлік амбулаторияның оң жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінің оң жағынан 50 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі "Адия" дүкеніне қарама-қарсы тас жолдан кейін 5 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі "Байғазы" дүкеніне қарама-қарсы автобус аялдамасының сол жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 3 | 60 |
Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі "Сайлау" дүкеніне қарама-қарсы тас жолдан кейін 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі "Балбөбек" балабақшасының сол жағынан 20 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
Баянды ауылы | |||
Ақтау–Баянды тас жолының бойындағы "Нияз-Мұхамед" ЖШС-нің алдынан 50 метр | Сауда шатырлары | 5 | 100 |
Баянды-3 тұрғын массивінің № 194 үйдің оң жағынан 15 метр | Сауда шатырлары | 3 | 60 |
Атамекен ауылдық округі | |||
"Туған ел" тұрғын массивіндегі "Арна" сауда орталығының оң жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Ақтау-Маңғыстау тас жолының бойындағы Атамекен ауылына бұрылыстың оң жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Ақтау-Жаңаөзен тас жолының бойындағы "Арай" тұрғын массиві, "Ықылас" көшесінің № 667, 668 учаскелеріне қарама-қарсы тас жолдан кейін 10 метр | Сауда шатырлары | 10 | 200 |
Атамекен-Приозерный тас жолының бойындағы "Шағала" тұрғын массивінінің № 170А учаскесіне қарама-қарсы 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Басқұдық ауылдық округі | |||
"Рахат" тұрғын массивіндегі "Дана" дүкеніне қарама-қарсы 10 метр | Сауда шатырлары | 3 | 60 |
Ақтау-Маңғыстау тас жолының бойындағы бұрынғы "Мобил-С" ЖШС базасының алдынан 15 метр | Сауда шатырлары | 5 | 100 |
Ақтау-Маңғыстау тас жолының бойындағы "Самал" тұрғын массивіндегі "Асал" дүкенінің оң жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 5 | 100 |
"Маржан" тұрғын массивінің "Жазира" көшесіндегі "Қызғалдақ" дүкенінің оң жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 3 | 60 |
Дәулет ауылдық округі | |||
"Ақжол" дүкенінің сол жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
"Жаннұр" дүкенінің сол жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
Дәулет ауылының 10 квартал 35 үйдің оң жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
"Жаннұр" дүкеніне қарама-қарсы тас жолдан кейін 10 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
Батыр ауылдық округі | |||
Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 20-шы шақырымының сол жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 25-ші шақырымының сол жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 2 | 40 |
Хазар шағын ауданының 4 көшесінің № 80 үйдің алдынан 10 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
Емір шағын ауданындағы № 10 орта мектептің сол жағынан 10 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |
"Самал" шағын ауданының 2 көшесінің № 1/1 учаскесінің алдынан 5 метр | Сауда шатырлары | 1 | 20 |