Ескерту. Күші жойылды –Мұнайлы ауданы әкімдігінің 20.05.2014 № 153-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 32, 43 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс - көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының орындалуын және бәсекелестікті көтеру мақсатында, Мұнайлы ауданының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Мұнайлы ауданының аумағында жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелері, алаңдардың (алаңқай) орындары белгіленсін.
2. Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі (Т.Ж.Көшмағанбетов) маусымдық сипаттағы азық - түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс - көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын.
3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 107-қ "Мұнайлы ауданының аумағында жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың (алаңқай) орнын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 11-7-13 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 тамыздағы "Мұнайлы" газетінің № 34(37) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Асауовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | О.Қазақбаев |
“КЕЛІСІЛДІ”
Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі
бастығы Т.Ж. Көшмағанбетов
26 маусым 2009 ж.
Мұнайлы аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Д. Қойшыбаев
26 маусым 2009 ж.