"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің Айдар ауылы;
Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Долинка ауылы;
Ұзынкөл ауданы Карл Маркс ауылдық округінің Карл Маркс ауылы;
Ұзынкөл ауданы Куйбышев ауылдық округінің Қаратал ауылы;
Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Нововасильев ауылы;
Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Үйкескен ауылы;
Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Починовка ауылы;
Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Борки ауылы;
Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Камышловка ауылы;
Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің Березово ауылы;
Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Қаратомар ауылы;
Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Өгізбалық ауылы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Айдар ауылы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің Родина ауылының құрамына;
Долинка ауылы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Миролюбовка ауылының құрамына;
Карл Маркс ауылы Ұзынкөл ауданы Карл Маркс ауылдық округінің Сокол ауылының құрамына;
Қаратал ауылы Ұзынкөл ауданы Куйбышев ауылдық округінің Варваровка ауылының құрамына;
Нововасильев ауылы Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Новопокровка ауылының құрамына;
Үйкескен ауылы Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Воскресеновка ауылының құрамына;
Починовка ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Белоглинка ауылының құрамына;
Борки ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Красный Борок ауылының құрамына;
Камышловка ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Красный Борок ауылының құрамына;
Березово ауылы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің Тайсойған ауылының құрамына;
Қаратомар ауылы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Речное ауылының құрамына;
Өгізбалық ауылы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Речное ауылының құрамына.
3. Қайта құрылсын:
Родина ауылдық округі Арқалық қаласының Родина ауылы болып;
Куйбышев ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Варваровка ауылы болып.
4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Сессия төрайымы |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |