Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 2 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 254 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4576 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
      Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің Айдар ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Долинка ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Карл Маркс ауылдық округінің Карл Маркс ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Куйбышев ауылдық округінің Қаратал ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Нововасильев ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Үйкескен ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Починовка ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Борки ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Камышловка ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің Березово ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Қаратомар ауылы;
      Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Өгізбалық ауылы.
      2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Айдар ауылы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің Родина ауылының құрамына;
      Долинка ауылы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Миролюбовка ауылының құрамына;
      Карл Маркс ауылы Ұзынкөл ауданы Карл Маркс ауылдық округінің Сокол ауылының құрамына;
      Қаратал ауылы Ұзынкөл ауданы Куйбышев ауылдық округінің Варваровка ауылының құрамына;
      Нововасильев ауылы Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Новопокровка ауылының құрамына;
      Үйкескен ауылы Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Воскресеновка ауылының құрамына;
      Починовка ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Белоглинка ауылының құрамына;
      Борки ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Красный Борок ауылының құрамына;
      Камышловка ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Красный Борок ауылының құрамына;
      Березово ауылы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің Тайсойған ауылының құрамына;
      Қаратомар ауылы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Речное ауылының құрамына;
      Өгізбалық ауылы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Речное ауылының құрамына.
      3. Қайта құрылсын:
      Родина ауылдық округі Арқалық қаласының Родина ауылы болып;
      Куйбышев ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Варваровка ауылы болып.
      4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
______________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
__________ Т. Булгацевич


Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
______________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады