"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-1 тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) білім ұйымымен шарт".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" ММ басшысы
________________ Е. Жаулыбаев