Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.08.2019 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 18) тармақшасына және "Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3729 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде, 2010 жылғы 20 шілдеде, 2010 жылғы 21 шілдеде, 2010 жылғы 23 шілдеде, 2010 жылғы 27 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
реттік нөмірі 561-жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |