Әкімдіктің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 207 "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 588 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 5261 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 қаулысымен

      Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.08.2019 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 18) тармақшасына және "Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3729 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде, 2010 жылғы 20 шілдеде, 2010 жылғы 21 шілдеде, 2010 жылғы 23 шілдеде, 2010 жылғы 27 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:

      реттік нөмірі 561-жолы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Н. Садуақасов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады