Ескерту. Шешімінің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5)-тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы |
А. Сауденова |
Қостанай облыстық |
С. Ещанов |
Мәслихаттың |
Жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға
арналған төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Төлемақы мөлшерлемелерге өзгеріс енгізілді - - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ |
Арнаулы су пайдаланудың түрі |
Өлшем бірлігі |
Төлемақы мөлшерлемелері (теңге) |
1. |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
1000 текше метр |
98,96 |
2. |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде |
1000 текше метр |
282,28 |
3. |
Ауыл шаруашылығы |
1000 текше метр |
77,87 |
4. |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары |
1000 текше метр |
77,87 |
5. |
алып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). |