Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 356 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 5331 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімінің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5)-тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы

А. Сауденова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы

С. Ещанов


Мәслихаттың
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 356
шешімімен бекітілген

Жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға
арналған төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Төлемақы мөлшерлемелерге өзгеріс енгізілді - - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері (теңге)

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

98,96

2.

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

282,28

3.

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

77,87

4.

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

77,87

5.

алып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 421 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады