Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 23.06.2015 № 330 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 170 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада және 2013 жылғы 14 қарашада "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Сессия төрағасы, № 9 сайлау
округі бойынша депутаты И. Бибин
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Халықов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндеттерін атқарушы
________________ Г. Туленова
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Н. Дорошок