Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 330 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 шілдеде № 5745 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 03.06.2016 № 41 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын, осы шешімнің қосымшасына сәйкес.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы, № 14 сайлау
      округі бойынша депутаты А. Байменова
      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Халыков

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________ С. Умаров
      "23" маусым 2015 жыл
      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________ Н. Дорошок
      "23" маусым 2015 жыл

  Мәслихаттың
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 330 шешіміне қосымша

Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 7 қазандағы № 170 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 тіркелген, 2013 жылдың 12 қарашасында және 2013 жылдың 14 қарашасында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 170 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларарын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 233 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 тіркелген, 2014 жылдың 17 маусымында және 2014 жылдың 19 маусымында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 170 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 285 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5367 тіркелген, 2015 жылдың 17 ақпанында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

  Мәслихаттың
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 330 шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Жалпы ережелер
      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, өның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) арнайы комиссия – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қостанай қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасының тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) әлеуметтік бейімдеу – "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес жеке қажеттілігіне байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары;
      4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      5) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      6) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      7) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      8) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      9) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      10) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
      11) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      12) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      13) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалы;
      14) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      15) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. Жеңіс күні – 9 Мамыр мереке күні болып табылады.
      2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
      5. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге берілетін және адамның (отбасы мүшелерінің) өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленетін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      Бұл ретте келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есептемегенде:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.
      7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, емделуге және тексерілуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      3) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды есептемегенде, өтініш жасалған күннің алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар көп балалы және толық емес отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын жастарға, балалар үйінің түлектеріне, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, нақты шығындар бойынша, алғашқы техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты оқудың күндізгі нысанын төлеу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын, 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      5) мемлекеттік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа табыстары жоқ, жалғыз басты тұратын мүгедектерге, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      6) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      7) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      8) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 70 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 150000 теңге мөлшерде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.
      8. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жергілікті өкілді органдар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
      4) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін) негіздеме болып табылады.
      9. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі Қостанай облысы бойынша бір еселік ең төменгі күнкөрiс деңгейi мөлшерде белгіленсін.
      10. Осы Қағидалардың 8-тармағы 4)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша өмірлік қиын жағдай туындаған кезде келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті адамдардың (отбасы мүшелерінің) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, адамдардың (отбасы мүшелерінің) әлеуметтік бейімделуден өтуге қатысуы шарттарында отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезде жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын адамға немесе отбасыға беріледі.
      11. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей көрсетіледі.
      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      13. Әрбір отбасы мүшелеріне (адамға) арналған келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасы мүшелерінің (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Қостанай облысында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
      14. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      15. Ай сайынғы әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, осы Қағидалардың күшіне енгеніне дейін алған адамдарға алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты;
      3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 3), 6), 7)-тармақшаларында көрсетілген, адамның (отбасының) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушыларды қоспағанда, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
      6) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтерді;
      7) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
      Осы тармақтың 6), 7)-тармақшаларында көрсетілген құжаттар тек қана келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін ұсынылады.
      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 6)-тармақшаларында көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады.
      18. Адамға (отбасы мүшелері) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті орган консультация беру деңгейінде оны көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасуға келісім берген жағдайда, адаммен (отбасы мүшелерімен) әңгімелесу өткізеді, оның барысында адамның (отбасы мүшелерінің) проблемалары туралы, өмiрлiк қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктері туралы ақпаратты нақтылайды, сондай-ақ:
      1) үміткердің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алу құқығын;
      2) адамдарға (отбасы мүшелеріне) жеке қажеттіліктерін есепке алып, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлерін;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын алдын ала айқындайды.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресміделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады, осыдан кейін өтініш беріледі.
      19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
      21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      23. Уәкілетті орган:
      1) учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады;
      2) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсету кезінде учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылдайды.
      24. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      26. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      27. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      28. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      29. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      30. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) учаскелік комиссияның әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттіліктің болмауы туралы қорытындының болуы;
      2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан артуы;
      3) табысы аз азаматтар қатарынан өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, еңбекке қабілетті жастағы адамдар санаттарына жатқызылған отбасының еңбекке қабілетті бір немесе бірнеше мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысудан бас тартқан;
      4) отбасы құрамында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға еңбекке қабілетті үміткерлер болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      31. Әлеуметтік көмек төлемі алушының таңдауы бойынша ол таңдаған екінші деңгейдегі банктің жеке шоттарының деректемелері көрсетілген өтініші негізінде, екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қостанай қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау
      33. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды әзірлеу үшін және Осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
      Бұл ретте осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2 - топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар қатарынан үміткерлер бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі немесе "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдамаларын ұсынады.
      34. Жеке жоспарда табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отбасыны (азаматты) кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу бойынша болжамды іс-шаралар көрсетіледі, атап айтқанда:
      1) уәкілетті органның және (немесе) жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу, және олар ұсынған жұмыс орынына жұмысқа орналасу;
      2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;
      3) жеке кәсіпкерлік қызметті іске асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
      4) халықтың нысаналы топтарының мезгілді скринингтік тексеруден өтуі;
      5) отбасы құрамында жүкті әйел болған жағдайда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
      6) әлеуметтік мәні бар ауруы (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) бар болған кезде ерікті түрде емделу;
      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;
      8) табысы аз отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша айқындалған кәсіптік және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа да шаралар.
      35. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде);
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
      36. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
      37. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.
      38. Уәкілетті орган барлық кезеңдерде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуін және жеке жоспардың орындалуын жүзеге асырады.
      5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
      39. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Қостанай қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      40. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек:
      1) әлеуметтік көмек алушысы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;
      2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының бұзылуы;
      3) алушының банктiк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыстардың болмауы;
      4) әлеуметтік көмек алушылардың тиісті әкішілік-аумақтық бірліктің шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтердің анықталуы;
      5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтердің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан келіп түсуі;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтіп кетуі;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдар фактісінің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;
      8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтердің түсуі жағдайларында тоқтатылады.
      Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      41. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
      6. Қорытынды ереже
      42. Әлеуметтік көмек, соның ішінде келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларына
1-қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі __________
      Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер
      (табыстарды есептеу үшін)

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі
Өлшем бірлігі
Саны
Жасы (үй малы, құс үшін)
Саяжай
 
 
 
Бақша
 
 
 
Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі
 
 
 
Шартты жер үлесі
 
 
 
Мүліктік пай (берілген жылы)
 
 
 
Үй малы, құс:
 
 
 
ірі қара мал: сиыр, бұқа
 
 
 
жылқы: бие, айғыр
 
 
 
түйе, інген
 
 
 
қой, ешкі
 
 
 
тауық, үйрек, қаз
 
 
 
шошқа
 
 
 

      
      Өтініш берушінің қолы _______________________
      Күні ________________________________________
      Жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі
      туралы мәліметтерді растауға уәкілетті
      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _________ _________
       (қолы) (тегі)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларына
2-қосымша

      Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек көрсету үшін әңгімелесу парағы
      Өтініш берушінің Т.А.Ә._______________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
      ______________________________________________________
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн ______________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ____
      _______________________________________________________
      _______________________________________________________
      Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):

Отбасы мүшелері

Кәсібі

Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері

Жалпы жұмыс өтілі

Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі

Еңбек дағдылары мен шеберлігі

Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы

Өтініш беруші

 
 
 
 
 
 

Зайыбы (жұбайы)

 
 
 
 
 
 

Басқа ересектер

 
 
 
 
 
 

      
      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
      Өтініш беруші: _______________________________________
      Зайыбы (жұбайы): _____________________________________
      Отбасының басқа да ересек мүшелері:
      ______________________________________________________
      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас _____________
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      Отбасындағы қиындықтар
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы ________________
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ____________________________________________
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      Басқа ________________________________________________
      ______________________________________________________
      ______________________________________________________
      Тараптардың қолы
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік Өтініш беруші (лер)
      бағдарламалар бөлімі
      _________________ (қолы) _________________ (қолы)
      _________________ (күні) _________________ (күні)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

Туған күні

Туыстық қатынасы

Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)

Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны

15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)

Өтініш беруші

Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары)

      
      Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма
      _______________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 3 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер соманы есептеу үшін негіз болып табылады.

Р/с


Өтініш беру-

шінің және отбасы мүше-

лерінің Т.А.Ә.

Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды)

Құжаттармен расталған табыс сомасы

Өзге де мәлімделген табыстар

еңбек қызме-

тінен түскен табыс-

тар

зейне-

тақылар, жәрде-

мақылар

кәсіп-

керлік қызмет-

тен түскен табыс-

тар

сти-

пендия

али-

мент

өзге де табыс-

тар

      
      * Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
      тұрғын алаңы: _______ шаршы метр; меншік нысаны: _______;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны ___;
      тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
      қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
      қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
      қажеттісінің астын сызу
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі

Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.)

Тиесілігі

      
       Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:_____________________________________________
      ________________________________________________________
      Өтініш беруші __________________________________________
      зайыбы (жұбайы) ________________________________________
      балалар ________________________________________________
      басқа да туысқандар ____________________________________
      16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      

тамақтануға да жетпейді
      

тамақтануға ғана жетеді
      

тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
      

балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      

бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
      

іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
      

микрокредит беру;
      

кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      

әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      

"Жастар практикасына" қатысу;
      

әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      _______________ ________________________ _______________
       (күні) (Т.А.Ә.) (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларына
4-қосымша

      Отбасыға көмектің
      ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ
      Уәкілетті орган _________________________________________
      Көмекті алушы: __________________________________________
      (Т.А.Ә. (болған кезде), тұратын мекенжайы)
      Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: ________________
      Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: ______________
      Қажетті іс-әрекеттер:____________________________________
      1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20 ___ жыл _______ (айын көрсету) іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20 ___ жыл _______ (айын көрсету) есептілікті ұсыну.


Т.А.Ә. (болған кезде)

Іс-

шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты маман

Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме)

Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі

Нәтижесі (бағалау)

1

2

3

      
       Жүргізілген іс-шаралар бойынша келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың түпкілікті қорытындысы: __________________________________________
      _______________________________________________________
      Қажетті өзара іс-әрекеттер:
      - жұмыспен қамту органымен ____________________________
      - денсаулық сақтау органымен __________________________
      - басқа да байланыстар ________________________________
      Уәкілетті орган
      маманының қолы: ______________ Күні: __________________
      (Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен бейімдеу бағдарламасына байланысты)
      Берілетін көмектің түрлері:

Ай сайынғы жәрдемақы

Біржолғы төлем

Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері

      
      Біржолғы төлем кезінде:
      Шығын сметасы:

Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары

Сомасы, мың теңге

 
 
 
 
Барлығы:
 

      
      Отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы, теңгемен:

Келісімшарт жасалғанға дейін

Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша

әлеуметтік көмек мөлшерін қоса есептегенде

әлеуметтік көмек мөлшерін есептемегенде

      
      Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі туралы қорытынды
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      (уәкілетті өкілдің (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
      _________________________
      (қолы)
      Күні 20 __ жылғы "____" ___________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларына
5-қосымша

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты
      _______________ № ___ 20 __ жылғы "___" ____________
      (жасалған орны)
      Бұдан әрі "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деп аталатын _____________________________________ атынан
      (уәкілетті органның атауы)
      ________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)
      _______________________________________________________
      бір тараптан және бұдан әрі "өтініш беруші" деп аталатын келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуына өтініш беруші отбасы атынан азамат
      _______________________________________________________,
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
      ______________________________________________________
      мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуына отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт) төмендегілер туралы жасасты:
      1. Келісімшарт мәні
      1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
      2. Келісімшарт тараптарының міндеттері
      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) өтініш берушіге және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысқан жағдайда отбасының _______ мүшесіне:
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      (отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
      ________ бастап _______________ дейінгі кезеңге ай сайын
      ______________ (______________________) теңге мөлшерінде
      (сомасы жазбаша)
      және (немесе) біржолғы ____ (_________) теңге мөлшерінде
      (сомасы жазбаша)
      ________________________________________________________
      (жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу және т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру)
      әлеуметтік көмекті төлейді;
      2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі - Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
      3) отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге өтуіне ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
      5) өтініш берушінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
      3. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері:
      1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) талаптарын орындайды;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы және (немесе) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
      4) скринингтік тексеруден өтуі, әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда емделуі тиіс, сондай-ақ жүктілігі кезінде уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;
      5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
      7) келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады;
      8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынады.
      3. Тараптардың құқықтары
      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
      2) отбасының (адамның) материалдық жағдайын тексереді;
      3) алынған ақпаратты келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
      4) егер отбасы (адам) жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатады;
      5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
      5. Өтініш беруші:
      1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
      2) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті қайта есептеуді талап етеді;
      4) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.
      4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі
      6. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      5. Күтпеген жағдайлар
      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
      13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы ______ (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.
      6. Өзге де талаптар
      14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 ____ жыл қоса қолданылады.
      16. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (адам) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
      17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.
      7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
_____________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________
(мекенжайы)
_____________________________
(телефон, факс)
_____________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________
(қолы)
 
Мөрдің орны
Өтініш беруші
______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
______________________
(мекенжайы)
____________________
(телефон, факс)
______________________
(қолы)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады