"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы № 206 "Қостанай қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4483 тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай қалалық мәслихатының регламентінде:
3-тармақ мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы регламентпен реттеледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 20 сайлау округі бойынша депутаты |
А. Уралбаева |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Халықов |