Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 132 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 6986 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2014 жылғы 7 ақпандағы № 206 "Қостанай қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4483 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған);
      2) 2014 жылғы 29 мамырдағы № 238 "Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы № 206 "Қостанай қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4879 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 шілдеде "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы, № 20 сайлау
округі бойынша депутаты
А. Кабдулинова
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады