Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 198 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 4276 тіркелген, 2013 жылғы 8 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қалалық мәслихаттың | |
кезектен тыс сессиясының | |
төрағасы | Р. Бермухамбетов |
Қалалық | |
мәслихаттың хатшысы | В. Лощинин |
КЕЛІСІЛДІ
"Рудный қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ С. Костина