Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының, үлгі ережесін бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшысы К.К. Қазбековқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Рудный | |
қаласының әкімі | Б. Ғаязов |
Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 қаулысымен бекітілген |
Рудный қаласы әкімдiгiнiң "Рудный
қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі болып табылады.
4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi
14. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы қалалық деңгейде дене шынықтыру және спорт облысындағы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
15. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Рудный қаласында дене шынықтыруды және спортты дамыту;
2) спорттық материалдық-техникалық базаны нығайту және қалпына келтіру, инфрақұрылымды дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты насихаттау;
4) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
5) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру, дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
6) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
16. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы аналитикалық және әдістемелік жұмыс;
2) спорт түрлерi бойынша құрама командаларды даярлауды (оқыту – жаттығу жиындары) және олардың облыстық, қалалық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
3) Рудный қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;
4) Рудный қаласының аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
5) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асыру;
6) Рудный қаласының аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;
7) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт мекемелерінің ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша қалалық құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
8) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
9) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
11) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдістер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдістер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілігі санаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
13) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
14) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында спорттық құрылыстар салу мәселелерін үйлестіру;
15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
16) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметін қамтамасыз ету.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 20.02.2015 № 262 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2016 № 275 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) спорттық іс-шаралардың жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне, спорт ұйымдары қызметкерлеріне спорттық және құрметтік атақтар беруге, медальдар, белгілер, дипломдар, жүлделер, грамоталар, ақшалай сыйлықтар, бағалы сыйлықтар беру мәселелерін белгіленген тәртіпте шешу;
2) аккредиттелген жергілікті спорт ұйымдарымен, мекемелерімен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша қалалық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарын өткiзу;
3) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру
3. Мемлекеттік органның
қызметiн ұйымдастыру
18. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының өкілеттігі:
1) міндетті түрде орындау үшін Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын және оның құрылымдық бөлімшелеріне жататын бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және функционалдық міндеттерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым директорларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне белгіленген заңнамалар тәртібімен тәртіптік жаза салады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
6) өз өкілеттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілікке тартылады;
7) жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
21. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Жұмыс тәртібі Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның
мүлкі
23. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату
26. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный
қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 20.02.2015 № 262 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атлет" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аят" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қуат" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұзды Спорт Сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5) Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Рудный қалалық № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
6) Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Рудный қалалық № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.