Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 507 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 16 мамырдағы
№ 507 қаулысына қосымша

Рудный қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5183 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).
      2. Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 262 "Әкімдіктің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5471 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
      3. Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 275 "Әкімдіктің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6238 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады