Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 154 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 наурызда № 4503 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 наурыздағы № 239 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 11.03.2019 № 239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда қалалық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Арқалық қалалық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы
Қ. Смағұлов
      Арқалық қалалық
мәслихатының хатшысы
Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ Н. Гайдаренко

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 19 февраля 2014 года № 154. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 марта 2014 года № 4503. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 11 марта 2019 года № 239

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 11.03.2019 № 239 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств городского бюджета.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2014 года.

      Председатель
внеочередной сессии
Аркалыкского
городского маслихата
К. Смагулов
      Секретарь Аркалыкского
городского маслихата
Н. Шалдыбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел экономики и

      бюджетного планирования

      акимата города Аркалыка"

      _______________ Н. Гайдаренко