Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 11.03.2019 № 239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда қалалық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Арқалық қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
Қ. Смағұлов |
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Шалдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Н. Гайдаренко