Азаматтық қызметші болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 220 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 4733 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 400 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 15.01.2016 № 400 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатынған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 137 "Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру азаматтық қызметшілеріне жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4209 тіркелген, 2013 жылғы 22 тамызда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХV сессияның төрағасы                      А. Демисенов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Г. Жарылқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Н. Турлубекова

Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области образования, являющимся гражданскими служащими и работающим в селе Красногорское

Решение маслихата города Лисаковска Костанайской области от 24 апреля 2014 года № 220. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 20 мая 2014 года № 4733. Утратило силу решением маслихата города Лисаковска Костанайской области от 15 января 2016 года № 400

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Лисаковска Костанайской области от 15.01.2016 № 400 (вводится в действие со дня принятия).

      В соответствии со статьей 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года Лисаковский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить специалистам в области образования, являющимся гражданскими служащими и работающим в селе Красногорское, повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств местного бюджета.
      2. Признать утратившим силу решение маслихата от 10 июля 2013 года № 137 "Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим образования, работающим в селе Красногорское" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4209, опубликовано 22 августа 2013 года в газете "Лисаковская новь").
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XV сессии                     А. Демисенов

      Секретарь городского маслихата             Г. Жарылкасымова

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел экономики и бюджетного планирования
      акимата города Лисаковска"
      _______________ Н. Турлубекова