Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 27.08.2020 № 320 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс | |
сессиясының төрағасы | Қ. Әбікеев |
Алтынсарин аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Есмұханов |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Қостанай облысы Алтынсарин | |
ауданының Ілияс Омаров | |
атындағы ауылдық округінің | |
әкімі | |
_______________ К. Нұртасов |
Мәслихаттың 2014 жылғы 30 маусымдағы № 217 шешіміне қосымша |
Жергілікті қоғамдастықтың жиынына
қатысу үшін Қостанай облысы Алтынсарин
ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық
округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің Ілияс Омаров атындағы ауылының тұрғындары үшін | 9 |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің Жанасу ауылының тұрғындары үшін | 3 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 30 маусымдағы № 217 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы
Ілияс Омаров атындағы ауылдық
округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудең қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі шақырады.
Алтынсарин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтынсарин аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.