Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № 26 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы";
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов
ауданының әкімі Е. Жаманов
КЕЛІСІЛДІ:
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ А. Мұрзабаев
Денисов ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 351 қаулысына қосымша
Денисов ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 41 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) басшы;
2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің (орталығы) меңгерушісі;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
2) мектеп, мектеп-интернат директоры, интернат меңгерушісі;
3) дене тәрбиесінің жетекшісі;
4) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
5) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары;
6) әлеуметтік педагог;
7) педагог-ұйымдастырушы;
8) қосымша білім беру педагогы;
9) педагог-психолог;
10) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
11) музыкалық жетекші;
12) аға вожатый;
13) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы;
14) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;
15) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
16) зертхана, кабинет меңгерушісі;
17) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
18) мәдени ұйымдастырушы;
19) әдіскер;
20) медициналық бике;
21) емдәм бике;
22) кітапханашы;
23) кітапхана меңгерушісі;
24) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) басшының, директордың орынбасары;
3) көркемдік жетекші;
4) музыкалық жетекші;
5) аккомпаниатор;
6) барлық атаудағы суретші;
7) жабдықтарды (жарықты, жобалаушы, аудио-бейне) пайдалану жөніндегі техник (оператор);
8) кітапханашы, библиограф;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) ұжым (үйірме) жетекшісі;
11) әдіскер.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) басшы;
2) басшының орынбасары;
3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдіскер;
4) әдіскер;
5) жаттықтырушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) эпизоотолог;
2) ветеринарлық дәрігер;
3) ветеринарлық фельдшер.