Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 146 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4579 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 31.05.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы Ж. Нұрмұханбетұлы
      Жангелдин аудандық
      мәслихат хатшысы С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      Жангелдин ауданының

      Торғай ауылы әкімінің

      уақытша міндетін атқарушы

      ______________ М. Искаков

  Мәслихаттың 2014 жылғы
28 ақпандағы № 146
шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылы тұрғындары өкілдерінің саны

1

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылы

40

  Мәслихаттың 2014 жылғы
28 ақпандағы №146
шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылы (бұдан әрі – Торғай ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Торғай ауылының аумағындағы көшелер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Торғай ауылының әкімі шақырады.

      Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Торғай ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Торғай ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Торғай ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Торғай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Торғай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Торғай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8 – тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 20.04.2017 № 88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Торғай ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Торгай Джангельдинского района Костанайской области

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 28 февраля 2014 года № 146. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 10 апреля 2014 года № 4579. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 31 мая 2022 года № 110

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 31.05.2022 № 110 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" маслихат Джангельдинского района РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Торгай Джангельдинского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села Торгай Джангельдинского района Костанайской области для участия в сходе местного сообщества согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии
      Джангельдинского районного
      маслихата Ж. Нұрмұханбетұлы
      Секретарь Джангельдинского
      районного маслихата С. Нургазин

      СОГЛАСОВАНО

      Временно исполняющий

      обязанности акима села Торгай

      Джангельдинского района

      __________________ М. Искаков

  Приложение к решению
маслихата от 28 февраля
2014 года № 146

Количественный состав представителей жителей села Торгай Джангельдинского района Костанайской области для участия в сходе местного сообщества

Наименование
населенного пункта

Количество представителей жителей села Торгай Джангельдинского района Костанайской области

1

Село Торгай Джангельдинского района Костанайской области

40

  Утвержден решением
маслихата от 28 февраля
2014 года № 146

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Торгай Джангельдинского района Костанайской области

1. Общее положение

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и определяют порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села Торгай Джангельдинского района Костанайской области (далее – села Торгай).

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей улиц (далее – раздельный сход) на территории села Торгай созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Торгай.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Джангельдинского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села Торгай организуется акимом села Торгай.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей села Торгай, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом села Торгай или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким села Торгай или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села Торгай для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом утвержденным Джангельдинским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области 20.04.2017 № 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Голосование проводится открытым способом, персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Торгай.