Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 87 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 4505 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 08.01.2016 № 2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Әкімдіктің 2013 жылғы 10 қазандағы № 542 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Утешов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ М. Кененбаева
 

Әкімдіктің        
2014 жылғы 25 ақпандағы  
№ 87           
қаулысына қосымша    

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) барлық мамандықтар мұғалімдері;
      2) директор;
      3) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      4) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      7) аудармашы;
      8) қосымша білім беру педагогы;
      9) педагог-психолог;
      10) кітапхана меңгерушісі;
      11) кітапханашы;
      12) тәрбиеші;
      13) аға вожатый;
      14) медбике;
      15) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.
      3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) директор;
      2) ұжым (үйірме) жетекшісі;
      3) кітапхана меңгерушісі;
      4) бөлім меңгерушісі;
      5) барлық атаудағы суретшілер;
      6) әдіскер;
      7) аға кітапханашы;
      8) кітапханашы;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) музыкалық жетекші;
      11) оқытушы.
      4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) әдіскер;
      2) жаттықтырушы;
      3) нұсқаушы.
      5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) ветеринариялық дәрігер;
      2) ветеринариялық фельдшер.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающими в сельской местности

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 25 февраля 2014 года № 87. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 18 марта 2014 года № 4505. Утратило силу постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 8 января 2016 года № 2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 08.01.2016 № 2.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года акимат Житикаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата от 10 октября 2013 года № 542 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4287, опубликовано 14 ноября 2013 года в газете "Житикаринские новости").
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                М. Утешов

      СОГЛАСОВАНО

      Секретарь
      Житикаринского районного маслихата
      _______________ М. Кененбаева
 

Приложение        
к постановлению акимата 
от 25 февраля 2014 года 
№ 87           

Перечень
должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Должности специалистов в области социального обеспечения:
      1) социальный работник по уходу.
      2. Должности специалистов в области образования:
      1) учителя всех специальностей;
      2) директор;
      3) заместитель директора по учебной работе;
      4) заместитель директора по воспитательной работе;
      5) социальный педагог;
      6) преподаватель-организатор начальной военной подготовки;
      7) переводчик;
      8) педагог дополнительного образования;
      9) педагог-психолог;
      10) заведующий библиотекой;
      11) библиотекарь;
      12) воспитатель;
      13) старший вожатый;
      14) медицинская сестра;
      15) специалист по программному обеспечению.
      3. Должности специалистов в области культуры:
      1) директор;
      2) руководитель коллектива (кружка);
      3) заведующий библиотекой;
      4) заведующий отделом;
      5) художники всех наименований;
      6) методист;
      7) старший библиотекарь;
      8) библиотекарь;
      9) культорганизатор;
      10) музыкальный руководитель;
      11) преподаватель.
      4. Должности специалистов в области спорта:
      1) методист;
      2) тренер;
      3) инструктор.
      5. Должности специалистов в области ветеринарии:
      1) ветеринарный врач;
      2) ветеринарный фельдшер.