Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 542 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 5 қарашада № 4287 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 25.02.2014 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      әкімдіктің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 158 "Аудандық бюджет қаржысы есебінен, лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесін анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-94 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдеде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған);
      әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 52 "Аудандық бюджет қаржысы есебінен, лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 6 ақпандағы № 158 әкімдік қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-136 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                   М. Утешов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ М. Кененбаева
 

Әкімдіктің        
2013 жылғы 10 қазан    
№ 542 қаулысына қосымша 

Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтар мұғалімдері;
      2) директор;
      3) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      4) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      7) аудармашы;
      8) қосымша білім беру педагогы;
      9) педагог-психолог;
      10) кітапхана меңгерушісі;
      11) кітапханашы;
      12) тәрбиеші;
      13) аға вожатый;
      14) медбике;
      15) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) директор, басшы;
      2) сектор, бөлім меңгерушісі;
      3) барлық атаудағы суретшілер;
      4) әдіскер;
      5) аға кітапханашы;
      6) кітапханашы;
      7) мәдени ұйымдастырушы;
      8) музыкалық жетекші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады