Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 08.01.2016 № 2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Әкімдіктің 2013 жылғы 10 қазандағы № 542 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Утешов
КЕЛІСІЛГЕН
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ М. Кененбаева
Әкімдіктің
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 87
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) барлық мамандықтар мұғалімдері;
2) директор;
3) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
4) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
5) әлеуметтік педагог;
6) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
7) аудармашы;
8) қосымша білім беру педагогы;
9) педагог-психолог;
10) кітапхана меңгерушісі;
11) кітапханашы;
12) тәрбиеші;
13) аға вожатый;
14) медбике;
15) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.
3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) директор;
2) ұжым (үйірме) жетекшісі;
3) кітапхана меңгерушісі;
4) бөлім меңгерушісі;
5) барлық атаудағы суретшілер;
6) әдіскер;
7) аға кітапханашы;
8) кітапханашы;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) музыкалық жетекші;
11) оқытушы.
4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) әдіскер;
2) жаттықтырушы;
3) нұсқаушы.
5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.