Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 193 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 4725 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 29.04.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы А. Ыбраев
      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Қарасу ауданы

      Қарамырза ауылдық округінің әкімі

      _______________ О. Төкешов

  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 193 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу
үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 11.08.2017 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

Қарамырза ауылының тұрғындары үшін

10

Кошевой ауылының тұрғындары үшін

5

  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 193 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің (бұдан әрі - Қарамырза ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қарамырза ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қарамырза ауылдық округінің аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Қарамырза ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Қарамырза ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарамырза ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қарамырза ауылдық округінің тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Қарамырза ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қарамырза ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарамырза ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарамырза ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қарамырза ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 9 апреля 2014 года № 193. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 16 мая 2014 года № 4725. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 29 апреля 2022 года № 120

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 29.04.2022 № 120 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области для участия в сходах местного сообщества согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии А. Ибраев
      Секретарь Карасуского
      районного маслихата С. Казиев

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Карамырзинского сельского

      округа Карасуского района

      Костанайской области

      _________________ О. Токешов

  Приложение
к решению Карасуского
районного маслихата
от 9 апреля 2014 года № 193

Количественный состав представителей жителей сел
Карамырзинского сельского округа Карасуского района
Костанайской области для участия в сходах
местного сообщества

      Сноска. Приложение – в редакции решения маслихата Карасуского района Костанайской области от 11.08.2017 № 140 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование населенного пункта

Количество представителей (человек)

Для жителей села Карамырза

10

Для жителей села Кошевое

5

  Утверждены
решением Карасуского
районного маслихата
от 9 апреля 2014 года
№ 193

Правила проведения раздельных сходов местного
сообщества Карамырзинского сельского округа Карасуского
района Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области (далее - Карамырзинский сельский округ) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Карамырзинского сельского округа.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел на территории Карамырзинского сельского округа (далее - раздельный сход) созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Карамырзинского сельского округа.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Карасуского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах Карамырзинского сельского округа, организуется акимом Карамырзинского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей Карамырзинского сельского округа, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Карамырзинского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким Карамырзинского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей Карамырзинского сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Карасуского района.

      Количество представителей жителей села для участия местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Карамырзинского сельского округа.