Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 29.04.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 193 "Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4725 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | В. Журжа |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысы Қарасу ауданы
Қарамырза ауылдық округінің әкімі
_______________ М. Агайдарова
2017 жылғы 11 тамыз
Қарасу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 140 шешіміне қосымша |
|
Қарасу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 193 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Қарамырза ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Кошевой ауылының тұрғындары үшін | 5 |