Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 146 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4294 тіркелген, 2013 жылғы 13 қазанда "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таратады.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | А. Ыбраев |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы:
____________ Е. Биркель
"Қарасу ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Ерменова