Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 146 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 219 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 4812 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 06.06.2016 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 146 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4294 тіркелген, 2013 жылғы 13 қазанда "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таратады.
      Кезектен тыс сессияның төрағасы А. Ыбраев
      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы:
      ____________ Е. Биркель
      "Қарасу ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ А. Ерменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады