Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 29.05.2020 № 536 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің көшелері, шағын аудандары мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
С. Кульбеков |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Досжанов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Қостанай
ауданы Затобол кентінің әкімі
_______________ Ж. Шинкин
Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 180 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қостанай ауданы
Затобол кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің (бұдан әрі - Затобол кенті) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Затобол кенті тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Затобол кентінің аумағындағы кент тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын Затобол кентінің әкімімен шақырылады.
Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Затобол кентінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Затобол кентінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Затобол кентінің тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Затобол кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Затобол кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Затобол кентінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, шағын аудандар мен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Затобол кенті әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 180 шешіміне қосымша |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің көшелері,
шағын аудандары мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.05.2017 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Көшелер мен шағын аудандардың атаулары және көппәтерлі тұрғын үйлердің мекен жайы | Затобол кентінің көшелері, шағын аудандары және көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | "Алтынсарин" шағын ауданы | 1 |
2 | "Водник" шағын ауданы | 4 |
3 | "Восточный" шағын ауданы | 2 |
4 | "Дорожник" шағын ауданы | 8 |
5 | "Нұрай" шағын ауданы | 2 |
6 | "Строитель" шағын ауданы | 2 |
7 | Ауэзов көшесі | 1 |
8 | Афанасьев көшесі | 1 |
9 | 1 Мая көшесі | 1 |
10 | 8 Марта көшесі | 1 |
11 | 25 лет Целины көшесі | 1 |
12 | 40 лет Октября көшесі | 9 |
13 | Волынов көшесі | 2 |
14 | Ворошилов көшесі | 3 |
15 | Восточная көшесі | 2 |
16 | Гагарин көшесі | 2 |
17 | Геологическая көшесі | 2 |
18 | Герцен көшесі | 3 |
19 | Горький көшесі | 3 |
20 | Джамбул көшесі | 6 |
21 | Дорожная көшесі | 3 |
22 | Дружба көшесі | 2 |
23 | Заречная көшесі | 1 |
24 | Зеленая көшесі | 2 |
25 | Казахская көшесі | 1 |
26 | Калабаев көшесі | 5 |
27 | Тәуелсіздік көшесі | 12 |
28 | Киров көшесі | 1 |
29 | Кирпичная көшесі | 1 |
30 | Комаров көшесі | 2 |
31 | Комсомольская көшесі | 2 |
32 | Космонавтов көшесі | 1 |
33 | Красноармейская көшесі | 3 |
34 | Крестьянская көшесі | 1 |
35 | Леонида Беды көшесі | 3 |
36 | Ленин көшесі | 11 |
37 | Леонов көшесі | 4 |
38 | Лесная көшесі | 2 |
39 | Матросов көшесі | 1 |
40 | Маяковский көшесі | 1 |
41 | Механизаторов көшесі | 3 |
42 | Мичурин көшесі | 1 |
43 | Молодежная көшесі | 4 |
44 | П. Морозов көшесі | 1 |
45 | Набережная көшесі | 5 |
46 | Новая көшесі | 3 |
47 | Обручев көшесі | 2 |
48 | Озерная көшесі | 3 |
49 | Олимпийская көшесі | 3 |
50 | Островский көшесі | 1 |
51 | Павлов көшесі | 9 |
52 | Парковая көшесі | 2 |
53 | Площадь Победы көшесі | 1 |
54 | Попович көшесі | 10 |
55 | Пушкин көшесі | 1 |
56 | Савицкая көшесі | 2 |
57 | Северная көшесі | 1 |
58 | Семин көшесі | 4 |
59 | Советская көшесі | 2 |
60 | Спортивная көшесі | 1 |
61 | СПТУ-9 көшесі | 1 |
62 | Строительная көшесі | 1 |
63 | Тимирязев көшесі | 1 |
64 | Терешкова көшесі | 1 |
65 | Титов көшесі | 1 |
66 | Фрунзе көшесі | 2 |
67 | Целинная көшесі | 3 |
68 | Чайковский көшесі | 1 |
69 | Чапаев көшесі | 1 |
70 | Чехов көшесі | 4 |
71 | Шевченко көшесі | 1 |
72 | О. Шипин көшесі | 1 |
73 | Школьная көшесі | 8 |
74 | Урожайная көшесі | 1 |
75 | Киров тұйық көшесі | 1 |
76 | Комсомольский тұйық көшесі | 1 |
77 | Куйбышевский тұйық көшесі | 1 |
78 | Ленин тұйық көшесі | 1 |
79 | Набережный тұйық көшесі | 1 |
80 | Озерный тұйық көшесі | 1 |
81 | Павловский тұйық көшесі | 1 |
82 | Первомайский тұйық көшесі | 1 |
83 | Пионерский тұйық көшесі | 1 |
84 | Строительный тұйық көшесі | 1 |
85 | Почтовый тұйық көшесі | 1 |
86 | Попович тұйық көшесі | 1 |
87 | Титов тұйық көшесі | 1 |
88 | Школьный тұйық көшесі | 1 |