Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 536 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 маусымда № 9241 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін сандық құрамы бекітілсін.

      3. Мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 180 (2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4613 болып тіркелген);

      2) "Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 180 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы № 135 (2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7055 болып тіркелген).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Есментаев
      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы А. Аксаутова

  Қостанай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 536 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының (бұдан әрі - Тобыл қаласы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Тобыл қаласының көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Тобыл қаласының аумағындағы көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Тобыл қаласының әкімі шақырады.

      Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер шегінде бөлек жиынды өткізуді Тобыл қаласының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Тобыл қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тобыл қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тобыл қаласы әкімінің аппаратына береді.

  Қостанай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 536 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін сандық құрамы

Көше атауы, көппәтерлі тұрғын үйдің нөмірі

Көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Афанасьева көшесі

2

2

Әуезов көшесі

1

3

Волынов көшесі

2

4

Ворошилов көшесі

3

5

Восточная көшесі

3

6

Гагарин көшесі

3

7

Геологическая көшесі

2

8

Герцен көшесі

3

9

Горький көшесі

3

10

Дорожная көшесі

5

11

Дружбы көшесі

2

12

Жамбыл көшесі

6

13

Заречная көшесі

1

14

Зеленая көшесі

2

15

Казахская көшесі

2

16

Калабаева көшесі

5

17

Киров көшесі

2

18

Кирпичная көшесі

1

19

Комаров көшесі

2

20

Комсомольская көшесі

2

21

Космонавтов көшесі

1

22

Красноармейская көшесі

3

23

Крестьянская көшесі

1

24

Л. Беды көшесі

2

25

Ленин көшесі

7

26

Леонова көшесі

4

27

Лесная көшесі

2

28

40 лет Октября көшесі

8

29

25 лет Целины көшесі

1

30

8 Марта көшесі

1

31

Матросов көшесі

1

32

1 Мая көшесі

1

33

Маяковский көшесі

1

34

Механизаторов көшесі

3

35

Мичурин көшесі

1

36

Молодежная көшесі

3

37

Морозов көшесі

1

38

Набережная көшесі

5

39

Новый көшесі

2

40

Обручева көшесі

2

41

Озерный көшесі

3

42

Олимпийская көшесі

2

43

Островский көшесі

1

44

Павлов көшесі

3

45

Парковая көшесі

3

46

Победы алаңы

1

47

Попович көшесі

5

48

Пушкин көшесі

1

49

Савицкой көшесі

2

50

Северная көшесі

1

51

Семина көшесі

4

52

Советская көшесі

2

53

Спортивная көшесі

1

54

СПТУ 9 көшесі

1

55

Строительная көшесі

1

56

Тәуелсіздік көшесі

12

57

Терешкова көшесі

6

58

Тимирязев көшесі

1

59

Титов көшесі

1

60

Урожайная көшесі

1

61

Фрунзе көшесі

2

62

Целинная көшесі

3

63

Чайковский көшесі

1

64

Чапаев көшесі

1

65

Чехов көшесі

4

66

Шевченко көшесі

1

67

Шипин көшесі

1

68

Школьная көшесі

10

69

Киров тұйық көшесі

1

70

Комсомольский тұйық көшесі

1

71

Куйбышевский тұйық көшесі

1

72

Ленин тұйық көшесі

1

73

Набережный тұйық көшесі

1

74

Озерный тұйық көшесі

1

75

Павловский тұйық көшесі

1

76

Первомайский тұйық көшесі

1

77

Пионерский тұйық көшесі

1

78

Попович тұйық көшесі

1

79

Почтовый тұйық көшесі

1

80

Строительный тұйық көшесі

1

81

Титов тұйық көшесі

1

82

Школьный тұйық көшесі

1

83

Алтынсарин шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1-№ 80 үйлер

2

84

Водник шағын ауданы, № 1 үй

1

85

Водник шағын ауданы, № 2 үй

1

86

Водник шағын ауданы, № 3 үй

1

87

Водник шағын ауданы, № 4 үй

1

88

Водник шағын ауданы, № 5 үй

1

89

Водник шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 6, № 7, № 11, № 12, № 14, № 15, № 17, № 19, № 20, № 21, № 22, № 26, № 26/2, № 27, № 32, № 33, № 37, № 38, № 39, № 40, № 41, № 42, № 43, № 45 үйлер

1

90

Восточный шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1-№ 356 үйлер

8

91

Дорожник шағын ауданы, № 16 үй

1

92

Дорожник шағын ауданы, № 17 үй

1

93

Дорожник шағын ауданы, № 33 үй

1

94

Дорожник шағын ауданы, № 38 үй

1

95

Дорожник шағын ауданы, № 43 үй

1

96

Дорожник шағын ауданы, № 44 үй

1

97

Дорожник шағын ауданы, № 45 үй

1

98

Дорожник шағын ауданы, № 45/1 үй

1

99

Дорожник шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1-№ 14, № 25, № 27, № 29, № 31, № 37, № 39, № 41, № 20-№ 32, № 40, № 42 үйлер

2

100

Нұрай шағын ауданы, № 1 үй

1

101

Нұрай шағын ауданы, № 2 үй

1

102

Нұрай шағын ауданы, № 3 үй

1

103

Нұрай шағын ауданы, № 4 үй

1

104

Нұрай шағын ауданы, № 5 үй

1

105

Нұрай шағын ауданы, № 6 үй

1

106

Строитель шағын ауданы, № 20/9 үй

1

107

Строитель шағын ауданы, № 40/3 үй

1

108

Строитель шағын ауданы, № 40/4 үй

1

109

Строитель шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 15, № 17, № 19, № 20/1, № 20/2, № 20/3, 20/4, № 20/5, № 20/6, № 21, № 21/1, № 40 үйлер

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады