Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 229 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 4641 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 376 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

М. Гизбрехт

Аудандық


мәслихаттың хатшысы

В. Леонов

КЕЛIСIЛДI:


Борков ауылдық


округінің әкімі


____________ Н. Балтабаев



  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 229 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің Борки ауылының тұрғындарына

75

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің Татьяновка ауылының тұрғындарына

12

  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 229 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық
округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасы

      1. Жалпы ереже

      1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Борков ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Борков ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Борков ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Борков ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Борков ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Борков ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Борков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Борков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Борков ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Борков ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

Решение маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 28 марта 2014 года № 229. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 24 апреля 2014 года № 4641. Утратило силу решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 15 мая 2020 года № 376

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 15.05.2020 № 376 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Мендыкаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Гизбрехт

Секретарь


районного маслихата

В. Леонов

СОГЛАСОВАНО:


Аким Борковского


сельского округа


_______________ Н. Балтабаев



  Приложение
к решению маслихата
от 28 марта 2014 года
№ 229

Количественный состав представителей жителей сел
Борковского сельского округа Мендыкаринского района
Костанайской области для участия в сходе
местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Борки Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

75

Для жителей села Татьяновка Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

12

  Утверждены
решением маслихата
от 28 марта 2014 года
№ 229

Правила проведения раздельных сходов
местного сообщества Борковского сельского округа
Мендыкаринского района Костанайской области

      1. Общее положение

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества Борковского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел Борковского сельского округа.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее – раздельный сход) на территории Борковского сельского округа созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Борковского сельского округа.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Мендыкаринского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел Борковского сельского округа организуется акимом Борковского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей сел Борковского сельского округа, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Борковского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Борковского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел Борковского сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом утвержденным Мендыкаринским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом, персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Борковского сельского округа.