Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Гизбрехт |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛIСIЛДI: | |
Михайлов ауылдық | |
округінің әкімі | |
____________ Н. Паршута |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 236 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылының тұрғындары үшін | 122 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Архиповка ауылының тұрғындары үшін | 67 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Степановка ауылының тұрғындары үшін | 112 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Борки ауылының тұрғындары үшін | 60 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Татьяновка ауылының тұрғындары үшін | 6 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 236 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық
округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Михайлов ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Михайлов ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Михайлов ауылдық округтің әкімі шақырады.
Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Михайлов ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Михайлов ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Михайлов ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Михайлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Михайлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Михайлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Михайлов ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.