Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 183 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 4947 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.02.2022 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 21.06.2018 № 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы

      Сарыкөл ауданының Тағыл

      ауылдық округінің әкімі

      _______________ С. Сүндетәлин

  Сарыкөл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 183 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.02.2022 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Соналы ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Ермаковка ауылының тұрғындары үшін

2

  Сарыкөл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 183 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.02.2022 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Тағыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тағыл ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тағыл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Тағыл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тағыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тағыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Тағыл ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 25 июня 2014 года № 183. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 июля 2014 года № 4947. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 25 сентября 2023 года № 59

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 25.09.2023 № 59 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок изложен в новой редакции на государственном языке, текст на русском языке не меняется, решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 18.02.2022 № 114 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области.

      Сноска. Пункт 1 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 21.06.2018 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель очередной сессии Т. Жаугаштин
      Секретарь районного маслихата А. Карашулаков

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким Тагильского

      сельского округа Сарыкольского

      района Костанайской области

      ______________ С. Сундеталин

  Приложение
к решению Сарыкольского
районного маслихата
от 25 июня 2014 года № 183

Количественный состав представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

      Сноска. Приложение – в редакции решения маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 18.02.2022 № 114 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Тагильское Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

3

Для жителей села Соналы Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

3

Для жителей села Ермаковка Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

2

  Утверждены
решением Сарыкольского
районного маслихата
от 25 июня 2014 года № 183

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

      Сноска. Правила – в редакции решения маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 18.02.2022 № 114 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел Тагильского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Тагильского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Тагильского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах сел организуется акимом Тагильского сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Тагильского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Тагильского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Тагильского сельского округа.