Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 13.01.2020 № 312 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы КЕЛІСІЛДІ: Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінің әкімі _____________ М. Кулубеков А. Қарашолақов |
|
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Чехов ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Чехов ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
1. Бөлек жиынды Чехов ауылдық округінің әкімі шақырады.
Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Чехов ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Чехов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Чехов ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Чехов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Чехов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чехов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чехов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қойып оны Чехов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
|
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Анновка ауылының тұрғындары үшін | 1 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Урожайное ауылының тұрғындары үшін | 7 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Ақшакөл ауылының тұрғындары үшін | 1 |