"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Смайыл селосы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 "Смайыл селосының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-157 тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша: "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Смайыл" сөзінің алдында "Белинский ауылдық округі" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тілдегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша:
"Смайловка" сөзінен кейін "Белинского сельского округа" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Белинский ауылдық
округінің әкімі Қ. Хасенов