Белинский ауылдық округі Смайыл ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы Смайыл селосының әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда № 9-18-157 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздер "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, "Смайыл" сөзінің алдында "Белинский ауылдық округі" деген сөздермен толықтырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 18.04.2014 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағына сәйкес, Белинский ауылдық округі Смайыл ауылы тұрғындарының пікірін ескеріп, Белинский ауылдық округі Смайыл ауылының әкімі ШЕШТІ:
      1. Белинский ауылдық округі Смайыл ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне – Абай көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне – Ленин көшесі;
      3) № 3 атаусыз көшесіне – Карл Маркс көшесі.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белинский ауылдық
      округі Смайыл
      ауылының әкімі                            А. Есмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады