"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Набережный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Набережный ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1 "Набережный селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-156 тіркелген, 2012 жылғы 23 қаңтардағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селолары", "селосының", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Набережный ауылдық округінің әкімі Е. Арбағұлов