Набережный ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы Набережный селолық округінің әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 қаңтарда № 9-18-156 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селолары", "селосының" деген сөздері "ауылдық", "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Набережный ауылдық округі әкімінің 28.04.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Елизаветинка және Набережный ауылдары халқының пікірін ескеріп, Набережный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Набережный ауылдық округі Елизаветинка ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне – Совхозная көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне – 50 лет Октября көшесі;
      3) № 3 атаусыз көшесіне – Котляров көшесі;
      4) № 4 атаусыз көшесіне – Логовая көшесі;
      5) № 5 атаусыз көшесіне – Парковая көшесі;
      6) № 6 атаусыз көшесіне – Потехин көшесі;
      7) № 7 атаусыз көшесіне – Степная көшесі;
      8) № 8 атаусыз көшесіне – Клубная көшесі;
      9) № 9 атаусыз көшесіне – Баймағамбетов көшесі;
      10) № 10 атаусыз көшесіне – Корчагин көшесі;
      11) № 11 атаусыз көшесіне – Майлин көшесі;
      12) № 12 атаусыз көшесіне – Ковыльная көшесі;
      13) № 13 атаусыз көшесіне – Садовая көшесі;
      14) № 14 атаусыз көшесіне – Промышленная зона көшесі.
      2. Набережный ауылдық округі Набережный ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне – Жанғаскин көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне – Южная көшесі;
      3) № 3 атаусыз көшесіне – Северная көшесі;
      4) № 4 атаусыз көшесіне – Промышленная зона көшесі.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Набережный ауылдық
      округінің әкімі                            К. Төртқараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады