Набережный ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 "Набережный селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Набережный ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 маусымда № 4780 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Набережный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Набережный ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1 "Набережный селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-156 тіркелген, 2012 жылғы 23 қаңтардағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селолары", "селосының", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Набережный ауылдық округінің әкімі         Е. Арбағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады