Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 5248 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 11.10.2021 № 58 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 367 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) ұсынылады;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      мүгедектігі туралы анықтама;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 170 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4335 тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы С. Сералинова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение маслихата Федоровского района Костанайской области от 27 ноября 2014 года № 276. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 декабря 2014 года № 5248. Утратило силу решением маслихата Федоровского района Костанайской области от 11 октября 2021 года № 58

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Федоровского района Костанайской области от 11.10.2021 № 58 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Федоровский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Возместить затраты на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно, в размере шести месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения маслихата Федоровского района Костанайской области от 10.12.2015 № 367 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить, что:

      1) возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Федоровского района";

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее – получатели);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление;

      документ, удостоверяющий личность получателя (для идентификации личности);

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности;

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому.

      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю;

      4) возмещение затрат на обучение назначается с месяца обращения в течение соответствующего учебного года и выплачивается на каждого ребенка с ограниченными возможностями.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решениями маслихата Федоровского района Костанайской области от 10.12.2015 № 367 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 27.02.2018 № 212 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 13.05.2020 № 442 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение маслихата от 20 ноября 2013 года № 170 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4335, опубликовано 12 декабря 2013 года в газете "Федоровские новости").

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Сералинова
      Секретарь районного маслихата Б. Бекенов