Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 11.10.2021 № 58 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 367 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мыналар:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) ұсынылады;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;
4) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 170 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4335 тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрайымы | С. Сералинова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Бекенов |