Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 27.11.2014 № 276 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) ұсынылады;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын тағайындау тиісті оқу жылының өтініш берілген айынан бастап жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) төленеді.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы С. Сералинова
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Т. Волоткевич
"Федоров ауданының экономика және
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ В. Гринак