Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.11.2017 № 373/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" N 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы N 22/2 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Павлодар облысында кәсіпкерлікті, сауданы, сондай-ақ туризмді дамыту мен қолдау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 61-үй.
10. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері, сағат 9.00.-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері – сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттiк мекеменің мемлекеттік тiлде толық атауы: "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесі,
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірігу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылды, тапсыру актісіне сәйкес олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты және де тараптар дауласатын міндеттемелерді қоса алғанда, олардың құқық иеленушісі болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне миссиясы, мақсаты, мәні,
негізгі мiндеттерi, функциялары, құқықтары және міндеттері
16. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: Павлодар облысының аумағында кәсіпкерлікті, сауда мен туризмді тиімді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
17. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің міндеттері: шағын және орта бизнесті, сауданы, сондай-ақ туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
18. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметінің мәні: Павлодар облысының аумағында кәсіпкерлік пен сауданы дамыту, туристік қызметті үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру.
19. Міндеттері:
1) кәсіпкерлікті, сауда мен туризмді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу тиімділігін талдауды және мониторингілеуді қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті және туризмді қолдау үшін инфрақұрылымды дамыту (бизнес-инкубаторлар, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, консалтингілік және ақпараттық орталықтар);
3) "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020", "2012 - 2020 жылдарда моноқалаларды дамыту" бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына жәрдемдесу;
4) Павлодар облысында кәсіпкерліктің, сауда мен туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
5) "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020", "2012 - 2020 жылдары моноқалаларды дамыту" салалық мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі жобаларды іске асыруда Павлодар облысының кәсіпкерлік субъектілеріне жәрдемдесу;
6) кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы орта қалыптастыру, еркін бәсекелесікті дамыту және тауарлар мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм саласындағы негізгі саяси бағыттары мен басымдықтарын қалыптастыруға қатысу;
8) бағалар мониторингісінің жүйесін ұйымдастыру;
9) әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағаларды тұрақтандыру бойынша шаралар әзірлеу;
10) Павлодар облысының сауда қызметі үшін жағдай жасау;
11) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауды қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) Павлодар облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда және туризм қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) бес жылдық кезеңге Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
3) тұтыну рыногы, баға және тауар конъюнктурасы сыйымдылықтарына талдау, бағалау және болжау жүргізу, бөлшек саудадағы бағаларды тежеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
4) шағын кәсіпкерлік жағдайына және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізуді, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржы қаражатының пайдалануын бақылауға қатысу;
5) кәсіпкерлік, сауда және туризм мәселелері бойынша дерекқорды қалыптастыру;
6) кәсіпкерлік, сауда және туризмді дамытуға кедергі келтіретін себептерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
7) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметін реттеу, лицензиялар беру;
8) өңірлік және республикалық сапа конкурстарына кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
9) Павлодар облысының әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
10) жергілікті атқарушы органдардың өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын анықтау;
11) облыс аумағында туристік қызмет көрсету нарығына талдау жүргізуді жүзеге асыру;
12) туристік қызметті және туристік бағыттар мен троптарды жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекеттік тізілімге енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастыру және ұсыну;
13) туристік қызмет көрсету субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастырумен байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
14) туризмді дамыту жоспарларын, туризм мен туристік индустрияны дамытудың салалық бағдарламаларын (секторалдық) әзірлеу;
15) туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
16) туристік қызмет көрсету нарығын талдау, Павлодар облысы аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну, облыстық туристік ресурстарды қорғау шараларын әзірлеу және енгізу;
17) туризм туралы, сондай-ақ туристік әлеует, туристік қызметті жүзеге асыратын туризм объектілері мен тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік байланыстардағы жүзеге асыру;
19) кадрлық мәселелер бойынша тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссиялар қызметін ұйымдастыру;
20) кадрларды іріктеуді, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеуді ұйымдастыру;
21) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің кадр жұмысының жай-күйін талдау;
22) облыс әкімдігі және әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
23) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыс орнату және үнемі дамыту.
24) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты мәселелерді іске асыру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етулер және хабарламалар туралы туроператорлық қызметті лизензиялауды жүзеге асыру;
26) гидтың (гид-аудармашының) кәсіби даярлығын ұйымдастыру;
27) уәкілетті органмен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
28) мемлекеттік туристік маршруттар мен жолдар тізілімін жүргізу;
29) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.06.2014 N 204/6 (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 № 10/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.21. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына кәсіпкерлік, сауда және туризмді дамытудың негізгі бағыттары, салалардағы туындаған мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу;
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және азаматтардан "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдында қойған міндеттерін орындау мен байланысты мәселелер бойынша ақпараттар сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) лицензиаттардың біліктілік талаптарын және лицензиялық нормаларды сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
5) республикалық, өңіраралық, халықаралық ұйымдарда кәсіпкерлікті, сауда мен туризмді дамыту мәселелері бойынша Павлодар облысының мүдделерін білдіру;
6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.
3. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне қызметiн ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн басшы басқарады, ол "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
23. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
2) ведомствоға бағынысты мекемелері бірінші басшыларының өкілеттігін анықтайды;
3) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн анықтайды;
4) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерін, сонымен қатар ведомствоға бағынысты ұйымдарының бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
7) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, сонымен қатар ведомствоға бағынысты мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, олардың қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
8) меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
9) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, сонымен қатар ведомствоға бағынысты ұйымдарының құрылымын әзірлеуді қамтамасыз ету;
10) құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кеңесін өткізеді;
11) "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, сонымен қатар ведомствоға бағынысты ұйымдардың ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын бекітеді;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі және ол үшін дербес жауап береді.
26. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның алмастыратын тұлға орындайды.
27. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
28. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
30. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес анықталады.
4. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi
31. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
32. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өздегей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және
туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне қайта
ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
34. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi таратылған жағдайда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстың коммуналдық меншігінде қалады.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiне қарасты ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.11.2015 N 315/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
2) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.11.2015 N 315/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.11.2015 N 315/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.