Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы № 22/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 204/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 шілдеде № 3891 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 373/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.11.2017 № 373/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 22/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 ақпанда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 25 ақпанда "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 20-тармағындағы 22) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "22) облыс әкімдігі және әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;".

      2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады