Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 16.08.2017 № 245/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы "17" шілдедегі № 244/7 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында мемлекеттік тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2015 N 97/4 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Управление по развитию языков Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыс бюджетінен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мемлекеттік тілді қолдануды және өңірімізде тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтауды қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
17. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын орындауды және тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясатты жүргiзу "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
18. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметiнiң мәнi облыстық деңгейде мемлекеттік тілді және басқа этностар тілдерін дамытуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
облыс тұрғындарының тіл мәдениеті деңгейін арттыру;
лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамытуға жәрдемдесу;
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау жөнiндегi шараларды әзiрлеу.
20. Функциялары:
1) тілдерді дамыту мен қолдану саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламасына тілдерді дамыту мен қолдану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
2) тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын, "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
3) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі аппаратының тиімді қызметi жөнiнде iс-шараларды әзiрлейді және iске асырады, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшiн "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысына талдау, бағалау және болжау жасайды;
4) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
7) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 51/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
8) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
9) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі кадр жұмысының және кадрмен қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
12) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби қайта даярлаудан өтуін, біліктілігін арттыруын және аттестаттауын ұйымдастырады;
13) персоналды басқарудың біртұтас жүйесін құру мақсатында өзінің құзыреті шегінде "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын іске асырады;
14) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
15) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша концептуалды құжаттарды әзiрлеуге қатысады, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң актiлер жобасын дайындайды, сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмаларын орындайды және орындалуын ұйымдастырады;
16) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
17) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнатады және дамытады;
18) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдiстемелiк көмек көрсетеді;
19) облыс әкімдігі және әкімі актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысу үлесін пайдалану және иелену құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттігін, сондай-ақ тиісті саладағы уәкілетті органдар құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешім қабылдауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
21) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 51/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
22) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 51/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттiк органдардың тiл саясаты саласындағы қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында проблемаларды жедел шешу үшiн облыс әкiмi мен әкiмдiгінің қарауына ұсыныстар енгiзуге;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды ақысыз негізде сұратуға және алуға;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімімен жұмысқа тартуға;
4) тiл саясаты мәселелерi бойынша барлық мекемелер, мемлекеттiк органдар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
5) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
6) өз құзыретi шегiнде келiсiмдер, шарттар жасауға құқылы;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге;
8) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтар шегінде және Ережеге сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
10) қолданыстағы заңнама актілерімен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға міндетті.
3. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
2) өз орынбасарларының, сондай-ақ "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысымен кеңестер өткізеді;
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
өзінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді;
азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
ведомстволық бағыныстағы ұйымның директоры мен бас бухгалтерін тағайындайды және лауазымынан босатады.
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
27. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен облыстық жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншігінде қалады.
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Ана тілі" орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.