Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы" № 244/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 51/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5020 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 245/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 16.08.2017 № 245/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы" № 244/7 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3908 болып тiркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерiнде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ережеде:
      20-тармақта 7), 21) тармақшалар алынып тасталсын.
      2. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады