Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Кенжекөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2014 жылдың 17 қыркүйегіндегі облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1.
Кенжекөл ауылдық округі Кенжекөл ауылының жаңа көшесіне «Егемен» атауы берілсін.
2.
Осы шешімнің орындалуын өзімнің бақылауыма қалдырамын.
3.
Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кенжекөл ауылдық округі |
Н. Ақтайлақова |